Шығыс Қазахстан облысында Зайсан ауданы 10,4 мың текше километр аумақты алып жатыр. Ауданның халық саны 2025 жылдың 1 шілдесінде 35219 адамды құрайды. Ауданда 8 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) қолданыстағы бағамен 2025 жылдың қаңтар-шілдесінде 5 303,9 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлем көрсеткіштері 100,6 % құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 179,4 %, өңдеу өнеркәсібі 137,4 % құрады.
2025 жылдың қаңтар-шілдесінде инвестицияның көлемі негізгі капиталға 20 276,2 млн. теңгені құрады. Инвестициялар негізгі капиталға нақты көлем көрсеткіштері 228,1 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстарының нақты көлем көрсеткіштері өткен жылға 157,9 % көлемді құрады.
2025 жылдың қаңтар-шілдесінде барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 6 345,2 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,5 %-ды) құрады.
9 280,7 тонна (106,5 %) - сүт өндірісі.
998,9 мың дана (102,0 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың қаңтар-шілдесінде Ірі қара мал саны 7,8 %, сиыр 15,9 %, жылқы 16,4 % өсті.