Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету туралы жария шарт
Зайсан қаласы 22 тамыз 2025жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету туралы көрсетуге арналған үлгілік шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленген осы жария шарт (бұдан әрі-Шарт) Зайсан ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер). Бұдан әрі "Қызмет көрсетуші" деп аталатын Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық есебіндегі кәсіпорны атынан, БСН 950340001075 03.11.2004 жылғы №118-1917-04-МК заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiгі, 12.11.2012 ж. №1-370Қ Зайсан ауданы әкімінің өкімі негiзiнде әрекет ететін директор Айнабеков Е.А., және осы қызметті тұтынатын, бұдан әрі "тұтынушылар", бірлесіп "Тараптар" арасында жасалған болып саналады.
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3-Тарау. Қызмет көрсету тәртібі
4-Тарау. Төлем тәртібі
5-Тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1.1. Тұтынушы құқылы:
1.1.1. Санитарлық талаптарға сәйкес ҚТҚ-ны жинауға, пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қалдықтарды қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму өндіріліуне және тұтынуына, бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына;
1.1.2. Тарифтерді және қызметтерге төлеу мөлшерін қолдану туралы ақпарат алуға;
1.1.3. Белгіленген мерзімде қызметтерді көрсетуде қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;
1.1.4. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен анықталатын, көлемі мен тәртібінде қызмет көрсетушінің кінәсінен Қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген шығындар мен зиянды толық көлемде өтеуге;
1.1.5. Оның құқығы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қорғануына.
1.2. Тұтынушы міндетті:
1.2.1. ҚТҚ шығару бойынша қызмет көрсетушінің қызметтерін осы шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге;
1.2.2. «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын кез келген өзгерістер, соның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтер, үй және т. б.) тұратын адамдардың саны өзгерген жағдайда қызметті көрсетушіге келу тәртібімен ақпаратты уақытылы ұсыну;
1.2.3. Қызметті көрсетуші өкіліне тұрғын үйде тұратындардың нақты санын анықтау қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ету;
1.2.4. Жылжымайтын мүлікпен азаматтық құқықтық шарт жасалған жағдайда тұрғын үй-жайдан шығу күніне дейін немесе жалға берілетін тұрғын үйден шыққан жағдайда қызмет көрсетушімен толық өзара есеп айырысу жүргізу;
1.2.5. Пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинау;
1.2.6. Сұйық қалдықтардың төгуін, құрылыс қоқысын, топырақ, ірі габаритті жүктерді, металл сынығын, ағаштар кесіктерін, бұталарды, жапырақтарды, бұтақтарды қоқыс жинағышқа тасталуын болдырмау;
1.2.7. ҚТҚ және басқа қоқыстардың ол үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлік алаңдардан басқа) қаттап сақталуына, сондай ақ контейнерлерде, аулаларда, көшелерде оларды жерге көмуге, жағуға жол бермеу;
1.2.8. Сақталуды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдарға ұқыпты қарау;
1.2.9. Мамандандырылған техникаға контейнерлік алаңдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
1.2.10. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындау.
4.1. Қызмет көрсетуші құқылы:
4.1.1. Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде қызметтер үшін төлем алуға және төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда шартта қарастырылған шараларды қолдану;
4.1.2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тұтынушыға шарт бойынша көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетуші өз мүліктік мүдделерін қорғау үшін тұтынушыдан қарыз сомасы мен есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлі өтеу арқылы;
4.1.3. Заңнамада белгіленген көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және Келісім-шарттың 3.2.2-тармақта көрсетілген мән-жайларын анықтау кезінде «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін тәртіппен өзгертуге.
4.2. Қызмет көрсетуші міндеті:
4.2.1. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген өзіне бекітілген учаскелерді Қзақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес ҚТҚ жоспарлы-реттік тазартуын кестеге сәйкес жүргізуге;
4.2.2. Контейнерден қоқыс тиеу кезінде төгілген қоқысты жинауды жүргізу;
4.2.3. Қозғалыс схемасына және пайдалану өзгерген жағдайда маршруттық кестелерді құру және түзетуге;
4.2.4. Контейнерлерді сақтау мақсатында ҚТҚ тиеу кезінде жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;
4.2.5. ҚТҚ әкету үшін ақы бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕАО) арқылы қызмет көрсетілген айдан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тұтынушыға төлемдерді төлеуге құжаттарды ұсыну;
4.2.6. Адамдардың тұратын саны туралы мәліметтерге сәйкес қызмет көрсеткені үшін төлемдерді есептеу;
4.2.7. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға қызметтер мен тарифтердің өзгеруі, сондай-ақ, ҚТҚ шығару шарттарының өзгеруі жөнінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қолданысқа енгізгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттандыру;
4.2.8. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және шартқа сәйкес өзге міндеттемелерді орындау.
6-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
7- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
7-тарау. Тараптардың деректемелерi
Осы Шарт қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері бойынша шарттарының Үлгі Шартына сәйкестендіріліп жасалынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы.
|
|