АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,99% құрады, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 7,37%, ал инфляция мөлшері - 10,00%.
Соңғы 3 жылдық динамикадағы инвестициялық кіріс тұрақты өсім көрсетіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.
Инвестициялық кіріс мөлшері қаржы және валюта нарығындағы жағдайларға байланысты құбылып отырады. Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін:
Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Олар, ең алдымен, еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім инвестициялардың тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде орын алып тұратын өзгеруіне байланысты. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді перспективада сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.
Осылайша, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 958,64% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 863,96% көрсетті.
2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,38 трлн теңгеге жетті. Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 01.04.2025ж. жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің азаматтардың жинақтау құрылымында алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) ««Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. 2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%. 2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды. "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%. Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге. ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%. Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
|
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндерге орай жұмыс кестесін хабарлайды.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1,7,9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Тәжікстан Республикасы делегациясының
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.
Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.
Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.
Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.
Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.
Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарынан кесте бойынша берілетін төлемдер:
қалай есептеледі, қайда жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар:
1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас);
2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар;
3) еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істеп, оның пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға (бұдан әрі - жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толғандар) беріледі.
Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге). Тек 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтарға берілетін төлемнің есебі басқаша.
Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.
Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі.
Түзету коэффициенттері 55 жасқа толған және олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген адамдарға қолданылмайды.
БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы хабарласуы қажет. Мұны зейнет жасына 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.
забарласу қажет?
Мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы не БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.
БЖЗҚ-да мүгедектігі бар адамдар үшін үйінде/жұмыс орнында қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігі тексеріледі.
55 жасқа толған, олардың пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген тұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде проактивті қызмет көрсету арқылы не жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінген кезде тағайындалады.
Егер аталған адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса, онда бұл тұлғаға оларды алуға келісімі болған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері тағайындалуы мүмкін.
іс-шараларды жүзеге асырады?
Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылдың басынан бері 16,5 млн астам қызмет көрсетті
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 2025 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында халыққа шамамен 16,5 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 7 млн-нан астамы электрондық форматта, 9 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,4%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз 262,7 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 255 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.
Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 627,6 мыңға жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 7,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 6,4 млн астамы - электрондық, ал 1,1 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында деректемелерді өзгертуге 38,4 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 35,5 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 10,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 212 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 11,2 мыңнан астам материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 165,8 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«Зайсан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 22/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобасын ұсынамыз:
Өтінішті қайда тапсыруға болатынын, қандай құжаттардың қажет ететінін және неге назар аудару керек екенін біліп алыңыз.
📌Сақтап алыңыз және достарыңызға да жіберіңіз!
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,75 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 653,83 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 9%.
Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2025 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 8,19 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 сәуіріне 329,12 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен қаражат мөлшері – 762,22 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 22,2% немесе 138,62 млрд теңге).
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1-сәуіріне 630,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 13,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 35,31 млрд теңге (өсім - 22,4%), ЕЗЖ - 809 млн теңге (өсім - 14,8%) түсті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 95,18 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 371,44 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 92,5% немесе 178,47 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 219,10 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,10% ұлғайып, 01.04.2025ж. 56,40 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 638 теңге.
Жыл басынан бастап 01.04.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,63 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,46 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 801,25 млн теңге, жерлеуге төлемдер – 2,63 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 67,43 млрд теңге сомасы аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,44 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,66 млн бірлік немесе 10,5%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 сәуіріне 12,54 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 729,35 мыңы - МКЗЖ бойынша, 446,65 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,91 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Зайсан ауданында Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған жасөспірім қыздар арасындағы «Мерген Ару – 2025» ашық аудандық жарысы өтті
Бүгін Зайсан ауданының спорттық модулінде 18 жасқа дейінгі қыздар арасында оқ атудан «Мерген Ару – 2025» атты ашық аудандық біріншілік өтті. Аталмыш жарыс Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.
Жарысты Зайсан қаласының оқ ату орталығының төрешілері ұйымдастырды. Бұл шараның ерекшелігі – қатысушы қыздардың ұлттық киіммен өнер көрсетуі, бұл ұлттық дәстүрімізге деген құрметті айқындай түсті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі мен мәслихат төрағасының атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушылар алғыс хаттар мен арнайы номинациялармен марапатталды.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Рамазанов Ришат Сағибекұлы, спорт ардагері Серікбаева Сәуле Жұмабекқызы, оқ атудан жарыс жүлдегерлері — Қанатбаевтар отбасы, Сейфуллина Дана және Қусанбаева Гүлзат құрметті қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алуға ерекше мән берілді. Зайсан ауданынан соғысқа 7760 адам шақырылып, оның 6702-сі ұрысқа қатысқан. Соғыстан 3229 адам оралса, 1817-сі майданда қаза тауып, 2923 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Біздің ауданнан шыққан батырлар — Кеңес Одағының Батыры Головченко Василий Евстафьевич, үш дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері Бокажанов Қыдырпатша, соғыс батырларына теңестірілген Сарсекееев Ғадылбек пен Гутовский Виктор.
Сонымен қатар, 58 адам «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 3 адам «Қызыл Ту» орденімен, 590 адам I және II дәрежелі «Жеңіс медальдарымен», 12 адам II-III дәрежелі «Құрмет орденімен» марапатталған. Бір азамат — «Құрмет орденінің» толық иегері.
Қазіргі таңда ауданда бір соғыс ардагері — 102 жастағы Құрманқожанов Закен ата тұрады. Жақында ол кісі туралы деректі фильм түсіріліп, оның тұсаукесері 9 Мамыр қарсаңында өтеді. Сонымен қатар ауданда 97 тыл еңбеккері тұрады.
Соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне бір реттік қаржылай көмек көрсетіліп, демеушілердің қолдауымен азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табысталады.