2024 жылғы 31 наурызда өткен Зайсан аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда № 5 және № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Зайсан аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына депутаттардың сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне - 3959 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2069 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 59 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 7.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Зайсан аудандық мәслихаты депутаттары сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 5 сайлау округі бойынша:
Айдарқан Қанжарқан үшін сайлаушылардың 75 дауысы берілді,
Аққазин Айзат Ерікұлы үшін сайлаушылардың 25 дауысы берілді.
Наинов Берик Кокенулы үшін сайлаушылардың 133 дауысы берілді.
Успанов Кенжебек Кенесханулы үшін сайлаушылардың 469 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 19;
№ 8 сайлау округі бойынша:
Ахметкалиев Аскар Ахатович үшін сайлаушылардың 1100 дауысы берілді,
Турсынов Ермек Айбекулы үшін сайлаушылардың 91 дауысы берілді.
Уәлиханов Рауан Уәлиханұлы үшін сайлаушылардың 89 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 22;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Зайсан аудандық мәслихатының депутаты болып:
№ 5 сайлау округі бойынша – Успанов Кенжебек Кенесханулы, 1991 жылы туған, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында тұратын, «Кенжебек» жеке кәсіпкері сайланды.
№ 8 сайлау округі бойынша –Ахметкалиев Аскар Ахатович, 1985 жылы туған, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында тұратын, «Амангелді атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры сайланды.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы