Армысың- Әз Наурыз

Армысың- Әз Наурыз

Шілікті ауылдық округінде Жастар көшесі тұрғындарының ұйымдастыруымен  "Армысың-әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шара басы 21 күні ауыл командаларының арасындағы волейбол жарысымен басталып, 22 күні сағат 10.00-де мерекелік концерт, 11-де спорттық ойындар: арқан тарту, қошқар көтеру, жүгіріс түрлерінен жарыстар, 12-де округ тұрғындары мен қонақтарына арналған дастархан мен наурыз көже берілсе, түстен кейін бәйге, көкпар ұйымдастырылды, шара соңы кешкі би мен мерекелік от шашуға ұласты.