
Көптен күткен қуаныш Ғаламтор игіліктері шалғайда жатқан Шілікті ауылына да жетті.Жәнделі сайына қойылған антенна-мачталық құрылғыны қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Интернет желісімен округке қарасты ауылдардың бәрі қамтылмақшы. Шараға мәжіліс депутаты осы өңірдің тумасы Е.Сайыров, облыс әкімі Н.Сақтағанов және аудан әкімі А.Ахметсәлімқызы және т.б басшылар қатысты. Ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Мерекелік шара ауыл әжелерінің ақ шашуы мен баталарымен басталып, ән-биге ұласты.