«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

 

Конкурсты  өткізудің  мақсаттары:

  • отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз  және егде  жастағы  ата-аналарына  қамқор болуын дәріптеу  және кеңінен  насихаттау;

4)  қазақстандық отбасының  жағымды  имиджін насихаттау.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Төмендегі жағдайда:

1) Қызметі Қазақстан Республикасының  аумағында  тыйым  салынған ұйымдардың  құрамына кіретін (кірген)  мүшелері бар;

2)  Бұрын сотталған  мүшелері  бар отбасылар  байқауға  қатыса алмайды.

Өтінімдер аудандық комиссияға 2025 жылғы 15 мамыр - 15 маусым аралығында қабылданады.

Көрсетілген мерзімнен кейін құжаттарын тапсырған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурсқа  қатысу үшін  өтінім  мен құжаттар  Зайсан қаласы, Д. Қонаев көшесі 54  «Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-не  қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін 8(72340)27-113 8-705-802-69-64 нөмірлеріне хабарласуға болады.