
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспардың мақсаты-құқықтық ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.
Құқықтық мәдениет қоғамның әлеуметтік өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын, заңдарды білуін және құқықтық тәртіпті құрметтеуін көрсетеді. Осы іс-шара жоспарына орай "Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" ММ-нде құқық кабинеті жұмыс істейді. Бұл азаматтарға өз құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 0800-1730
үзіліс 1200-1330