Баспасөз хабарламасы
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздіктәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралыескертеді.
Шетелдік дереккөздердіңмәліметтерібойынша(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html,https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o-vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондықкітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкенкітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитицияжасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақкітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» дегенатаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшалардыұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсызсалдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындайқауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.