«Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Шығыс Қазақстан облысы аумағының эпизоотиялық қолайлығын қамтамасыз етуге, экономиканың өсуі жағдайында мал шаруашылығының экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ветеринария саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
Міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) адамдардың денсаулығын жануарлар мен адамдарға тән аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Шығыс Қазақстан облысының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден енуінен және таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруларымен күресетін және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін диагностикалық құралдар мен әдістерді әзірлеу және қолдану;
7) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
Мекен-жайы | Өскемен қаласы 070000, Пермитина көшесі 23 үй |
Кеңсе | 8 (7232)71-07-01, 71-07-07 |
Өкіл | 8 (7232) 74-12-55, 74-12-50 |
vetvko@akimvko.gov.kz |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған