Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

2020 жылғы 7-9 сәуір аралығында ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Е. Батхолдин, ШҚО аумақтық инспекцияның басшысы С. Садуақасов, "Республикалық ветеринариялық зертхана" филиалының басшысы Ф. Бекбаев бірлесіп Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай аудандарында жұмыс сапарымен болып қайтты.
Сапар барысында ветеринария саласы бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы, ветеринариялық қадағалау және осы саладағы заң талаптарының сақталуы туралы, және аудандардың коммуналдық қызметтерінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою (азайту) туралы мәселелер баяндалды.
Жиналыс барысында ауылдық округтегі ветеринариялық пункт меңгерушілері малдәрігерлік жұмыстарға қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, сала басшыларынан тиісті жауаптарын алды.