Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М. Бекқожина мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарын және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» нормаларын сақтау мәселелеріне арналған семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері және мемлекеттік қызметшілердің адалдығын, заңдылықты, ашықтықты және жоғары кәсіби мінез-құлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптары түсіндірілді.
Қызметтік тәртіпті, атқарушылық тәртіпті және қызметтік әдеп нормаларын жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы жоғары моральдық-әдептік талаптарға сай болуы, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етуі және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс екендігі атап өтілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ережелері де түсіндірілді. Атап айтқанда, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға (лудомания), қоғамдық тәртіпті бұзуға, алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге, тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші мәртебесіне сыйыспайтын өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Семинарға қатысушыларға заңнама талаптарын, адалдық қағидаттарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екендігі, сондай-ақ бұл мемлекеттік қызметтің беделін нығайтудың, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды шарты болып табылатыны түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, адалдық, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, күнделікті өмірде де мінсіз мінез-құлық таныту ұсынылды.