Шығыс Қазақстан облысында жолдар барлық бағыттар бойынша ашық, алайда ауа райының қолайсыздығына (жел, көктайғақ) байланысты облыстық маңызы бар екі автожол учаскесінде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
«Шемонаиха – Секисовка» (0–56 км, Шемонаиха қ. – Секисовка а.);
«Өскемен – Тарғын – Самарское» (63–145 км, Тарғын а. – Самарское а.).
