Әлемді нұрға бөлеген «Мейірім шуағы»

Әлемді нұрға бөлеген «Мейірім шуағы»

Үлкен Нарын ауданында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Мейірім шуағы» атты салтанатты мерекелік кездесу өтті. Балаларға қуаныш сыйлаған бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның шымылдығын ашқан аудан әкімі Елдос Жанболатұлы жиналған қауымды, қонақтар мен балаларды айтулы күнмен жылы құттықтады.

Салтанатты жиын барысында балаларға ерекше құрмет көрсетіліп, аудан әкімі Елдос .Байрахметовтың және демеушілердің атынан 13 балаларға  планшеттер мен ұялы телефондар табыс етілді. Бұл сыйлықтар балалардың жүзіне күлкі, көңілдеріне шабыт ұялатты. Сонымен қатар, мерекелік шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихаттың төрайымы Жанар Данелхановна Сыдықова да балаларға ақ тілегін арнап, сәттілік тіледі.

Ресми бөлімнен кейін мерекелік кездесу думанды концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде өнер көрсеткен «Балдәурен» бишілер тобы «Қара жорға» биін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.. Шараның жарқын түйіні ретінде музыка мектебінің дарынды оқушысы Ділназ Тойлыбайқызының орындауында «Жақсы адамдарым» және «Балалар» тобының «Бақытты балалық шақ» әндері шырқалды. Әсем ән жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін кіргізді.

«Мейірім шуағы» шарасы балаларға ұмытылмас сәттер сыйлап, жүректерге жылулық ұялатқан нағыз мейірімділік мерекесіне айналды.