
Бүгін ауданымызға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу шаралары ерекше назарға алынып, атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді.
Бұдан бөлек, Үлкен Нарын ауылына қарасты бассейн құрылысының барысымен танысып, нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуы бойынша нақты тапсырмалар берілді.