Аудандық Мәдениет үйі ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шарасы өтті

Аудандық Мәдениет үйі ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шарасы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл ретте құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық шараларды күшейту басымдыққа ие.

Осыған орай, «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» КМҚК-нің Аудандық мәдениет үйі ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара орталық директоры Гүлнара Оралованың төрағалығымен ұйымдастырылып, комплаенс-офицер Айгүл Бұхарбаева мен Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Назгүл Жексембаеваның қатысуымен өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі нормалары, атап айтқанда 11–15-баптарында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген қызметкерлердің жауапкершілігі, сыйлықтар алуға тыйым салу, жақын туыстармен қызметтік қатынастарға қойылатын шектеулер мәселелері қамтылды.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға және заң талаптарын сақтауға ықпал етеді.

 

Үлкен Нарын ауданының мәдениет және

тұрғындардың демалыс орталығы