
2025 жылғы 28 желтоқсанда Үлкен Нарын ауылының Мәдениет үйінде ауданның құрылғанына 2 жыл толуына арналған салтанатты мәдени шара өтті.
Мерекелік кешке аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және өнер сүйер қауым жиналды. Іс-шара басында Үлкен Нарын ауданының әкімі Е.Байрахметов ауданның даму жолына тоқталып, екі жыл ішінде атқарылған жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы және жол жөндеу салаларында оң өзгерістерге қол жеткізілгені атап өтілді.
Салтанатты бөлімде аудан әкімі тұрғындарды мерейлі күнмен құттықтап, аудан дамуына үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ауданның өнерпаздары мен елімізге танымал этрада әншілері Жігер Ауыпбаев пен Қуандық Рахым көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл шара ауданның қалыптасуы мен өркендеу жолындағы ортақ жетістіктердің, бірліктің, даму мен жаңашылдықтың көрінісіне айналды.