Үлкен Нарын ауданының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының V пленумы өтті.

Үлкен Нарын ауданының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының V пленумы өтті.

Үлкен Нарын ауданының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының V пленумы өтті. Іс-шара ашық диалог алаңы ретінде өтіп, ардагерлер қозғалысының жұмысын қорытындылап, алдағы уақыттағы басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

Пленум барысында аудандық ардагерлер кеңесінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер белгіленді.   Сондай-ақ 2022 жылғы 2 шілдедегі «Аудандық ардагерлер кеңесінің құрамын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Пленум соңында марапаттау рәсімі өтті. Азаматтық белсенділігі, қоғамдық жұмысы және ардагерлер қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары берілді. Олардың еңбегі — қоғамға жанашырлықтың, жауапкершілік пен адалдықтың жарқын үлгісі.

Пленум өзара түсіністік, бірлік және сындарлы диалог жағдайында өтіп, ардагерлер ұйымдарының қоғамдық келісімді нығайту мен ұрпақтар сабақтастығындағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.