
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан Қабышұлы Үлкен Нарын ауданының активіне жаңадан тағайындалған басшыны таныстырды.
Назарбеков Талғат Сауытович жоғары білімді. Салық қызметі жүйесінде көп жылдық еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы лауазымынан бастаған.
Ол Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықты бақылау бөлімінің басшысы, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Талғат Сауытовичке жүктелген жауапты қызметінде сәттілік, табыс және абыройлы еңбек тілейміз!