Үлкен Нарын ауданының әкімі Е. Байрахметовтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың жолдауының мазмұнын талқылауға арналған жиындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы

Үлкен Нарын ауданының әкімі Е. Байрахметовтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың жолдауының мазмұнын талқылауға арналған жиындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы

Қайырлы күн, құрметті Мәлік Нұржанұлы,

Ербол Жолдаспекұлы

және жиынға қатысушылар!

          Бүгінде еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттар аясында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.           Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, бүгінгі күннің басты міндеті – цифрлық технологияларды тиімді пайдалана отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыра отырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.                Жолдауда көтерілген жасанды интеллект, цифрландыру, білім мен денсаулық сақтау саласындағы реформалар – аудандар үшін де жаңа мүмкіндіктер көзі. Аудан деңгейінде Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы – бұл кешенді жұмыс. 2025 жылдың есепті кезеңінің қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштерге қысқаша тоқталып өтейін:

 

 

 

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2025 жылдың есепті кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,3 млрд теңгені құрады. Өсу қарқыны — 119%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,6 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 102% болды.

Ауданда 1177 шағын және орта бизнес субъектісі қызмет атқаруда.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 621 млн теңге, өсім қарқыны — 114%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 379% құрады.

Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңа даму деңгейіне көтерудің маңыздылығын атап өтті. Осы маңызды міндетті орындау мақсатында ауданда аграрлық секторды жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 14,6 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 107% болды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі биыл 50 мың гектарға жетті.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 1 млрд 750 млн теңгеге 39 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Көктемгі егіс жұмыстарын қолдау мақсатында 148 шаруашылыққа 223 млн теңге субсидия төленді.

Астық және бұршақ дақылдарын жинау 17 мың гектардың барлығында аяқталып, 44 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Орташа өнімділік — гектарынан 25 центнер, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары (24,4 ц/га).

Майлы дақылдар 24 мың гектардан, яғни жалпы егіс көлемінің 87%-ынан жиналды.

Орташа өнімділік 28 ц/га болып, 68 мың тонна өнім алынды (2024 жылы — 25,0 ц/га).

«Кең дала–2» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалы арқылы 21 ауыл шаруашылығы субъектісі жалпы сомасы 528 млн теңге несие алды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 226 ауыл шаруашылығы өндірушісі жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл қаражат шаруашылықтарға көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізуге және ағымдағы жылдың өнімін табысты жинауға мүмкіндік берді.

Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жол бойындағы туризмді дамытуға бағытталған 12 жоба жүзеге асырылуда.

 

      Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында туризм әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екенін атап өтті. Біздің аудан да бұл бағытта жоғары әлеуетке ие.

       2025 жылы ауданға шамамен 15 050 турист келді, бұл 2024 жылмен (9040 турист) салыстырғанда 165% - ға көп. Бұл өсім ауданға деген қызығушылықтың тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.

      Осы бағытта жол бойы сервисін дамыту шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, аудан әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлескен жобасы аясында заманауи жол бойы сервис нысаны ашылды. Бұл аудан инфрақұрылымын жақсартуда маңызды қадам болып, туризм мен қызмет көрсету саласындағы шағын бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндік берді.  

 

 

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

      Президент өз Жолдауында тұрақты дамудың негізгі факторы – тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту екенін атап өтті. Осыған орай, ауданда халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, су құбырлары желілерін жаңарту және сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

      Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры құрылыстарын және оларға қатысты желілерді реконструкциялау» жобасы жүзеге асырылуда (анықтама үшін: 5 098,550 млн теңге, 77,4 км су желісін қайта жаңарту).

        Сонымен қатар, биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Алтынбел, Үштөбе және Солдатово ауылдарындағы су құбыры желілерін жөндеуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мердігерлер анықталып, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес басталды.

        Сондай-ақ, Жұлдыз ауылында «Су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда. Жобаны іске асыруға бастапқыда 50 млн теңге бөлінді.

 

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

      Аудандық жол желісінің жалпы ұзындығы 496 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 80 км, тоблыстық маңызы бар – 111 км, аудандық маңызы бар – 305 км.

      2025 жылдың басында аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесі 62,3% құрады.

      Биылғы жылы Үлкен Нарын ауылындағы Панфилов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

      «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Малонарым ауылындағы Абай, Қонаев, Болашақ және Қазақстан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Солдатово ауылына кіреберістегі су өткізу құбыры жөнделді.

      Үлкен Нарын ауылында Назыров, Өскембаев, О.Бөкей, Жұмағұлов, Маяковский, Рысқұлбеков, Рыков, Нарым, Тайбағаров, Әуезов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

      Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудандық маңызы бар асфальт жабындысы бар автожолдардың үлесі 76,3 %-ға жетті.

 

 

 

      Сондай-ақ, биыл аудандық бюджет есебінен келесі жұмыстар атқарылуда:

      - Үлкен Нарын, Алтынбел және Солоновка (Әл-Фараби және Мұзтау) ауылдарындағы көшелерге шұңқырларды жөндеу жұмыстары – 37 млн теңге;

      -Алтынбел ауылындағы Зубков көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу – 15,7 млн теңге;

      -ауылдық округтерде көшелерді тегістеу және қиыршық тасты төсеу жұмыстары – 29 млн теңге.

 

АБАТТАНДЫРУ

      Биыл ауданда бірқатар маңызды абаттандыру жобалары іске асырылды. Атап айтқанда, аудан орталығында:

      -спорттық және балалар алаңы орнатылды (30 млн теңге);

      -Орталық саябақтағы Жеңіс скверіне ағымдағы жөндеу жүргізілді (14 млн теңге);

      -аулалардағы кәріз және септик жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды (15 млн теңге).

      Сонымен қатар, Тумашинов көшесіндегі скверге және Алтайэнерго шағын ауданындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

      Үлкен Нарын ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жөнделіп, бұл ауданның экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды нысан болып табылады. Сондай-ақ 15 контейнерлік алаң орнатылды.

 

      «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 7 сәуір мен 10 қазан аралығында аудан аумағынан шамамен 112 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, 139 гектар жер тазартылды. Акцияға 3132-ден астам адам, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ұйым қызметкерлері және волонтёрлер қатысты.

      Акция барысында 5348 түп ағаш көшеті отырғызылды, бұл аудандық жоспардан 598 түпке артық (жоспар — 4750 түп). Негізінен шырша мен қарағаш көшеттері егілді. Көшет отырғызу білім беру, мемлекеттік және медициналық мекемелер аумақтарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізілді.

      Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, ауылдың сәулеттік келбеті жақсарып келеді.

      Жергілікті бюджет есебінен келесі нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде:

      -Үлкен Нарын ауылында ат жарыс алаңының құрылысы;

      -Үлкен Нарын және Жұлдыз ауылдарында байланыс жабдықтарын орнатуға арналған антенна-мачта құрылысы;

      -Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесін күрделі жөндеу.

      Сонымен бірге, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Үлкен Нарын ауылында жалпы ауданы 140 м²,                         құны 39,9 млн теңге болатын екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

      Жолдауда атап өтілгендей, жасанды интеллект – білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды құралы.

      Аудандағы барлық 16 мектеп интернетке толық қосылған, оның ішінде 8 мектеп Starlink жүйесі арқылы.

      Ауылдық елді мекендердегі оқушылардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Цифрлық мұғалім» және «Мобильді мұғалім» жобалары іске асырылуда. Жобаға К. Дамитов атындағы орта мектеп пен Үлкен Нарын ауылдық лицейі енгізілді.

      Елдің болашағы – білімде, ал білім – мемлекеттің берік іргетасы. Осы іргетасты нығайту мақсатында оқыту сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мысал ретінде, бұрын спорт залы жоқ жалғыз мектеп болып келген Көкбастау мектебінде биыл спорт залының құрылысы басталды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

      Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – басты басымдықтардың бірі.

      Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауданға елеулі қаражат бағытталды. Атап айтқанда, құны 450 млн теңге болатын заманауи компьютерлік томограф және 17 млн теңгеге қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. Жақын уақытта аудандық ауруханаға мобильді рентген-маммографиялық кешен сатып алу жоспарлануда.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

      Президент Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – уақыт талабы. Ауданымыз жаңа технологияларды енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыруды, экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын жақсартуды басты мақсат етіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.