2025 жылы15 қазанда Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 1 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шараға Үлкен Нарын ауданының 6 ауылдық округінің қатысушылары қатысып, өздерінің таланттары мен жетістіктерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты - белсенді ұзақ өмір сүру үшін жағдай жасау, қатысушылар арасындағы достық байланыстарды нығайту және егде жастағы адамдардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Көрермендер әр өнерпазды жылы қарсы алып, дайындықтың жоғары деңгейін және мерекенің жағымды атмосферасын қолдап-қолпаштады.
Атаулы орталық біздің ауданымызда 2024 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Аудан көлемінде зейнет жасындағы 180 адам ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосып, белсенділік танытуда.
Аудан бойынша шахмат-шашки, домбыра, теннис, тоқыма үйірмесі, скандинавиялық серуен, әдеби оқулар, халық әндері, ән-би үйірмелері бар.
Концерт соңында ұжымдар шығармашылық, ынта және белсенді ұзақ өмір сүрудің өшпес рухы үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды!