БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қатысуымен Үлкен Нарын ауданында көшпелі отырыс және «Дәстүрді сақтау» фестивалі өтті

2025 жылғы 9 қазан Үлкен Нарын ауданында  – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған, «Дәстүрді сақтау» фестивалі және Үлкен Нарын ауданының әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі  кеңес отырысы өтті.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қатысуымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау, отбасы институтының беделін нығайту.

Іс-шараға облыстық комиссияның жетекші өкілдері, Жұмабаева Альмира Төлегенқызы – Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ШҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы;

Камасова Зарина Айдарханқызы – «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС директоры, облыстың бас офтальмологы, облыс әкімінің гендерлік даму және отбасы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, ШҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі,  аудандық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар қатысты. Сондай-ақ, Үлкен Нарын ауданының әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес мүшелері, қоғамдық кеңес, аналар кеңесі және аудан активі қатысты.

Күн тәртібінде келесі негізгі мәселелер қаралды. «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру және әлеуметтік қолдау көрсетудің жүзеге асырылуы туралы» және «келешек ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін медицинадағы жаңа бағыттары» туралы   мәселелер қаралды.

Көшпелі отырыс барысында «Дәстүрді сақтау» фестивалі өткізілді, онда ұлттық дәстүрлер, отбасылық рәсімдер және қолөнер шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жас отбасыларға арналған тренингте психологиялық қолдау, отбасылық қатынастарды нығайту және демографиялық саясат мәселелері талқыланды.