
2025 жылдың 4 қыркүйегінде Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Мейірім» айдарымен өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімі Е.Ж.Байрахметов, аудандық мәслихат төрағасы
Ж.Д.Сыдыкова, білім бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қоғам өкілдері қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Е.Ж.Байрахметов жаңа оқу жылының басталуымен барша қатысушыларды құттықтап, қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға атсалысқан демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде қоғамдағы адамгершілік, достық және өзара қолдау құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалардың жастарға үлгі болатынын және әлеуметтік мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетудің маңызын ерекше атап өтті.
«Мейірім» іс-шарасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен және киім-кешекпен қолдау көрсету. Акция аясында мектеп оқушыларына қажетті оқу құралдары таратылып, балаларға жаңа оқу жылына қуанышты көңіл-күй сыйланды.