Үлкен Нарын ауданында жаңа аппарат басшысы тағайындалды
2025 жылғы 29 тамыздағы №23-ж өкімге сәйкес Үлкен Нарын ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Оразханов Елдос Оразханұлы тағайындалды.
Оразханов Елдос Оразханұлы 1997 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2020 жылдан бастаған. 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде Елдос Оразханұлына абыройлы еңбек пен сәттілік тілейміз.