«Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Отбасы бақытының құпиясы»  бейнероликтер байқауының  ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. «Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының мақсаты: отбысылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасылық институтты нығайту.
1.2. Бейнероликтер байқауы «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіледі.
1.3. Байқау «Күміс той», «Алтын той», «Гаухар той» байқаулардың «Еңбек династиялары» байқаулардың жеңімпаздары арасында өткізіледі.
1.4. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және соңғы кезеңнен. 
1.5. Бейнероликтің ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспауы керек, мемлекеттік/орыс тілдеріне қабылданады.
 
2. Іріктеу кезеңі 
2.1. Қатысушылар тиісті нысандағы өтінімдерді (1-қосымшаны қараңыз), Неке туралы құжат, Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс және бейнероликті 2025 жылдың 20 шілдеден 22 тамыз аралығында Zhanar_kab.vko@mail.ru электрондық адреске ұсынады. 
 
3. Соңғы кезең
3.1. Конкурстың соңғы кезеңі 2025 жылдың 25-27 тамызында өткізіледі. 
3.2.Ұйымдастыру комитет 3 үздік бейнероликті таңдайды. Байқаудың қорытындысы әлеуметтік желілерде жарияланады.
 
4. Марапаттау 
4.1. Байқау жеңімпаздарына жүлделер мен дипломдар табыс етіледі. 
4.2. Марапаттау рәсіміне конкурстың барлық финалистері қатысады.  
 
5.  Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы
5.1. Ұйымдастыру комитеті байқаудың екі кезеңін жоспарлауға және үйлестіруге жауапты. 
5.2. Байқаудың бес адамнан тұратын қазылар алқасы видеороликтерді бағалау үшін қалыптастырылады. 
6. Қорытынды ережелер
6.1. Кез келген даулы мәселелерді Ұйымдастыру комитеті шешеді.
 
 
 
1-қосымша.
 
Қатысушылардың ТАӘ, 
Мекен жайы
Байланыс телефоны Неке туралы құжат Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс
 
 
 
 
 
 
Байланыс үшін тел.нөмір: 8777-519-39-96 Жанар Кабидуллиновна