Үлкен Нарын ауданында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі, қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Жиын соңында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Облыс әкімдігінің көшпелі отырысынан кейін қалалар мен аудандардың 13 әкімі естелік ретінде 50 көшет отырғызды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарды аралады.