Шалқар көлінің жағасында жазғы туристік маусымның салтанатты ашылу барысында туристік инфрақұрылым туралы презентация ұсындым

Шалқар көлінің жағасында жазғы туристік маусымның салтанатты ашылу барысында туристік инфрақұрылым туралы презентация ұсындым

 

 

Шалқар көлінің жағасында жазғы туристік маусымның салтанатты ашылу барысында туристік инфрақұрылым туралы презентация ұсындым. Қазіргі таңда бұл аумақта 21 демалыс базасы ресми түрде жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы – 2349 төсек-орын мен 558 нөмір. Туризм саласында 68 адам тұрақты, ал 31 адам маусымдық қызметкер ретінде еңбек етеді.

Соңғы жылдары Шалқар көліне келуші туристердің саны едәуір артты. 2023 жылы көлге 15 600 адам келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20 774 адамға жетті. Туристер қатарында шетелдік қонақтар да бар, бұл өңірдің халықаралық туризм бағыты ретінде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Жазғы маусымның қауіпсіз әрі сәтті өтуі үшін шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС), төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖ), полиция, мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі кәсіпорын өкілдері шақырылды. Олар өз бағыттары бойынша заңнама талаптарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шара қорытындысында барлық қатысушылар туристік маусымның қауіпсіз әрі табысты өтуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді.