Іс-шараның құрметті қонағы – белгілі зерттеуші, жазушы, орнитолог, биология ғылымдарының кандидаты Борис Васильевич Щербаков болды.
Ол көптеген жылдар бойы Шығыс Қазақстан өңірінің табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени мұрасын зерттеп келеді. Қазіргі уақытта Борис Васильевич өлкеміз туралы көлемді ғылыми-танымдық кітап жазу үстінде.
Мерекелік іс-шара аясында ғалым оқушыларға танымдық сабақ өткізді. Сонымен қатар, Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы С. Аманжолов атындағы университетінің тарихшы, биолог, географтар ұстаздары қатысып, қызықты мәліметтерімен бөлісті.