«Аңызға айналған Қасым Қайсенов» көрмесіне бару

«Аңызға айналған Қасым Қайсенов» көрмесіне бару

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ұлы Болат Қасымұлы Қайсеновпен бірге Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аңызға айналған Қасым Қайсенов» көрмесімен таныстық. Іс-шара аясында Қасым Қайсеновтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Көрмеде жазушының жеке материалдары — құжаттары, хаттары, фотосуреттері, кітаптары ұсынылды. Сонымен қатар жазушы жұмыс істеген кабинет те қайта қалпына келтірілді. Көрмеге Халық Қаһарманының көркем туындылары да қойылды.