Бүгін Қасым Қайсенов кентінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Шырақ жағу" атты тағзым акциясы өтті.
🕯 200-ден астам адам жиналып, бізге бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған жандарға құрмет білдірді.
Кештің ерекше атмосферасын ауданның белгілі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама толықтырды — жүрек тебірентер әндер мен жылы лебіздер әр жанға әсер етті.
🔥 Кештің шарықтау шегі — 600 шырақтың жағылуы болды. Әр шырақ — батырларымызға деген алғысымыздың, мәңгілік естеліктің және шексіз құрметтің белгісі.