9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Донское ауылындағы жаңартылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатыстым.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етуге арналған ескерткіш жаңа келбетке ие болды. Осы игі істің жүзеге асуына демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген "Восток Молоко" ЖШС директоры Сейілжан Жиренұлы Сайлаубаевқа және "Иртыш" ЖШС директоры Анатолий Борисович Барковқа зор алғысымды білдіремін.
Шара барысында жергілікті тұрғындарды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, соғыс ардагерлерінің ерлігі мен жанқиярлық істерін мәңгі есте сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз екенін атап өттім.
Бұл күн – батырлық пен бірліктің, тарих пен тағылымның мәңгілік символы ретінде халық жадында сақталары анық.