Бүгін біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудеміз. Бұл – халқымыздың ерлігі мен бірлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі болып саналатын қасиетті күн.
Ұлы Жеңіс – майдан мен тылда ерен еңбек еткен миллиондаған адамдардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. Әрбір отбасының тарихында сол бір ауыр жылдардың ізі қалған. Бұл – ортақ тағдыр, ортақ жеңіс.
Ұлан ауданы — 9 Кеңес Одағының Батыры мен 1 Халық Қаһарманының туған жері.
Аты аңызға айналған партизан, жазушы, асыл тұлға — Қасым Қайсеновтің орны айрықша.
Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 9875 азамат майданға аттанды. Олардың ішінде 5748 жауынгер ерлікпен қаза тауып, туған жерге оралмады.
Бүгінгі таңда 135 тыл еңбеккерлері мен ардагерлердің жесірлері арамызда. Соғыс жылдары тылда бел жазбай еңбек етіп, Жеңіске зор үлес қосты.
Сіздерге деген алғысымыз шексіз!
Жеңіс күні – тек тарих емес,
Ол – ұрпаққа үлгі, аманат!