Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында аты аңызға айналған партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың сүреті салынды. Ерлікке тағзым ретінде бой көтерген мурал Қасым Қайсенов кентіндегі тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына орналастырылды.
Бұл бастама – ел есінде ерлік мәңгі жасайтынын, тарих ұмытылмайтынын айқындайды. Бейбіт күн – батырлардың аманаты!