Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында тыл еңбеккерін құттықтау

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында тыл еңбеккерін  құттықтау

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс басшысы Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Қасым Қайсенов кентінде тұратын тыл еңбеккері Мұрат Калиасқарұлы Ожановқа арнайы барып, ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Мұрат Калиасқарұлы Ожанов Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылының тумасы.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Мұрат Калиасқарұлы ұзақ жылдар бойы «Мукарама» мектебінде география және биология пәндерінен сабақ беріп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

1961 жылы Амина Аубәкірқызымен отбасын құрып, екі ұл тәрбиелеп өсірді. Ардагердің 3 немересі мен 2 шөбересі бар.

Ұзақ жылдық жемісті еңбегі мен қоғамдық белсенділігі үшін Мұрат Калиасқарұлы Ұлы Жеңістің 50, 60 және 70 жылдық мерейтойлық медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бейбіт өмір – батырлар мұрасы. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге.