7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Батырлар аллеясының қайта жаңғыртудан кейінгі ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың ұлы Болат Қасымұлы Қайсенов, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Бұдан кейін Болат Қайсенов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бакимбаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Іс-шара бір минуттық үнсіздікпен жалғасып, жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, Мәңгілік отқа гүл шоқтарын қойды.