Бір қабатты тұрғын үйлерді салу үшін әлеуетті құрылыс салушыларды іріктеу

Бір қабатты тұрғын үйлерді салу үшін әлеуетті құрылыс салушыларды іріктеу

«Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бір қабатты тұрғын үйлерді (ауданы 70-тен 85 шаршы метрге дейін) салу үшін әлеуетті құрылыс салушыларды іріктеу туралы хабарлайды.
Бір қабатты үйлер салу үшін әлеуетті құрылыс салушыларды іріктеу кезіндегі талаптар:
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына Лицензия;
2. Құрылыс саласындағы салу тәжірибесі кемінде 3 жыл;
3. Соңғы 3 жылда төленген салықтардың көлемі;
4. Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5. Жосықсыз өнім берушілер тізбесінде құрылыс салушылардың болмауы;
6. Білікті кадрлардың болуы (учаске бастығы, учаске шебері, учаске прорабы, ӨТБ инженері).
Қызығушылық танытқан адамдар келесі мекенжай бойынша хабарласуларыңызға болады. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5, 212 кабинеті 8 (72-338) 27-969.
Құжаттар 05.05.2025 жылға дейін қабылданады.