Ұлттық кітап күніне арналған апталық

Ұлттық кітап күніне арналған апталық

Ұлттық кітап күніне арналған апта аясында Ұлан аудандық орталық кітапханасында ақын, өлкетанушы, Ресей жазушылар одағының және «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі, Ұлан ауданының құрметті азаматы – Алдияр Аубакировтың «Он оставил след на Уланской земле» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Жинақта Ұлан аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы, Бозанбай ауылдық округінің әкімі, Ұлан ауданының құрметті азаматы – Лутфуллин Болат Геноядович туралы жазылған естеліктер мен мақалалар топтастырылған.