"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Таврия ауылында көшпелі сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудандық әкімшілік, мәслихат өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен жақын маңдағы елді мекендердің қызметкерлері тартылып, 200-дей адам сенбілікке белсене қатысты.
Іс-шара барысында ауыл көшелері қоқыстан тазартылып, сырлау, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты патриоттық құндылықтарды насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу.
Бұл игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады.