Таврия ауылында көктемгі дала жұмыстарын әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, Аграрлық кредиттік корпорациясы, «Продкорпорация» және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында егіс алаңдарын әртараптандыру, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштарды қолдану, жерді суару және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары түсіндірілді.
Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің директорының орынбасары айтып, аймақта ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау жайлы баяндады. Жиынға қатысушылар көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу үшін пікір алмасып, ұсыныстар айтты.