«Сара» әдістемесін оқыту бойынша семинар-кеңес өтті

«Сара» әдістемесін оқыту бойынша семинар-кеңес өтті

2024 жылдың 24 сәуірінде Ұлан ауданы әкімдігінде Ұлан ауданы әкімі аппаратының бөлім басшыларына, дербес бөлімдер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне арналған "Сара" әдістемесін оқыту бойынша семинар-кеңес өтті.

Аталған іс - шара Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы А. К. Оразбаевтың, Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция аға инспекторы И. С. Стригунованың қатысуымен Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Л. К. Кенжетаеваның төрағалығымен өткізілді.