Президенттік жастар кадр резерві - Жаңа буынның таңдауы

Президенттік жастар кадр резерві - Жаңа буынның таңдауы

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.


🔹Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады.

🔹Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔹Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
 • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
 • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
 • Сыртқы саясат және инвестициялар;
 • Экономикалық және қаржылық саясат;
 • Цифрландыру;
 • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

🔹Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.