«Тұрмыстағы өрттердін алдын алу»

«Тұрмыстағы өрттердін алдын алу»

Тұрғын үйдегі өрт – бұл әрқашан да үлкен қайғы. Өрт киім өкешек, мүлікті, материалдық шығынға ұшыратады. Кей кейдері адамдар, кішкентай балалар да өрттің құрбанына айналады.

Көп таралған өрт себептері мыналар: ересектердің отпен абайсыздығы және балалардың отпен ойыны; пештерді, газды және электртрмыстық приборларын дұрыс  пайдаланбау; төсекте мас күйінде темекі тарту; қолдан жасалған приборларды пайдалану.

Қазырғы уақытта өмірді электр жарығымсыз көзге емстету мүмкін емес. Электр жарығы біздің трмысымызда тереңдей еніп келеді, себебі үйімізде, пәтерімізде тұрсымызды жеңілдететін әр түрлі электр аппараттары баршылық. Электр тогы трғын үйлерге жарық беруге кең пайданылып, шаруашылықта теңдесі жоқ көмекші болып табылады. Бірақ сіздер жеңілге қосулы электрприборларының қадалалаусыз  қалдырылуы  - көп жадайда өрт себебі болатынын естен шыармаңыздар.

Әсірісе көп өрттер үтік, электр шайнегі, электр плиткасы тәрізді приборлардан шығады. Бұлар көп уақыт қадағаулаусыз электржүйесіне қосылып қалса, қатты ысып, өзі тұрған не жақын орналасқан жанғыш нәрселерді жандырып жіберуі мүмкін. Бұндай жағдайлар орын алмау үшін бұл приборлардың астына жанбайтын заттар (кірпіш, мраморлы тақта, асбест) қойып, электржылытқыш прибор тұрған жанғыш материалды жанбайтын затпен қорғау керек.

Жылу беру пештерін, газды плиталарды, керосинды приборларды да дұрыс пайдаланбау өртке ұрындыруы мүмкін.

Ең қорқанышты нәрсе – баланың отпен ойынынан шыққан  өрт. Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың жанында отпен оинап, оларды жағады және кейбір  жағдайларда өздеріде от құрбанына айналады.

Құрметті трғындар! Естеріңізде болсын! Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін бұзып, отпен абай болмасаңыз ол үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін. Отты пайдаланғанда абай болыңыз, желіге қосулы электрплиткаларын, үтікті, электр шәйнегін қадағалаусыз қалдырмаңыздар, сіріңкемен ойнауға жол бермеңіздер, отпен ойынның қауіптілігін түсіндіріңіздер, пешті, электр сымдарын, түтін шығу жолдарын уақытында жөндеп отырыңыздар,

Бір мезгілде розеткаға бірнеше электрприборларын қосып электржелісіне күш түсуге жол бермеңіздер.

Өз үйлеріңізді, материалдық қндылық және мүліктеріңізді өрттен сақтаңыздар.

 

 

 

Ұлан ауданының ТЖБ