Заңды тұлғаларды онлайн түзету

Заңды тұлғаларды онлайн түзету

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының Ұлан ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі 2023 жылдың қаңтар айынан бастап заңды тұлғаларға онлайн-түзетулер жүргізу бойынша қызмет іске қосылғанын хабарлайды: ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), АҚ (акционерлік қоғам), МК (мемлекеттік кәсіпорын), ШЖҚ КМК (Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын), ТС (Толық серіктестік), СС (Сенім серіктестігі), ӨК (өндірістік Кооператив), ҚЖС (қосымша жауапкершілігі бар Серіктестік). Қызметті электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы беруге болады. Көрсетілетін қызметтің негізі ЗТ атауын түзету және ЗТ заңды мекенжайын түзету.

 1) ЗТ атауын түзету – егер тіркеу кезінде тіркеуші немесе өтініш берушінің өзі грамматикалық қателік жіберген жағдайда заңды тұлға атауын түзетуге бере алады.

2) ЗТ заңды мекенжайын түзету – өтініш беруші мекенжайдың тіркеу кодын (МТК) енгізу қажеттілігіне байланысты мекенжайды түзетуді жүргізе алады мысалы, үйлердің нөмірі немесе көше атауы өзгерген жағдайда.