Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі  өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі

өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті

2023 жылғы қаңтарда есептелген зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 5,4 есеге артып, 66,4 млрд теңгеге жетті.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) құзыретіндегі портфельдің 12 айдағы инвестициялық кірістілігі төмендегідей болды: ҚРҰБ (6,93%), "Halyk Global Markets" АҚ (6,89%), "Jusan Invest" АҚ (6,44%), "BCC Invest" АҚ (4,93%), "Сентрас Секьюритиз" АҚ (4,67%).

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған жылдан (1998)  бастап 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 686,62% болған кезде 735,95% көрсетті.  

Осылайша, ұзақ мерзім ішіндегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан едәуір асып түседі.

Егер жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі нақты салымшының жинақтарының бүкіл кезеңінде жинақталған табыстың жалпы мөлшеріне әсер еткен жағдайда, атап айтсақ, зейнетақы жарналары аударылған толық кезең ішіндегі жинақталған кірістілік сол кезеңдегі жинақталған инфляциядан төмен мәнді құрайтын болса, онда мемлекет осы салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы мен инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма мөлшерінде кепілдік төлемін жүзеге асырады.

Әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

            БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz

Ресми сайт: www.enpf.kz

Facebook, Instagram: enpf.kz