Ата-аналардың жас балалармен бірге ересектерге арналған ойын-сауық орындарында болу

Ата-аналардың жас балалармен бірге ересектерге  арналған ойын-сауық орындарында болу

Бала құқықтары туралы Конвенцияның 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы баланың демалу және бос уақыт өткізу құқығын, оның жасына сәйкес келетін ойындар мен ойын-сауық іс-шараларына қатысу құқығын таниды.

Қазіргі уақытта заңнамада ел азаматтарын, оның ішінде балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін факторлардан қорғайтын шаралар белгіленген. Мысалы:

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабы 5-тармағының 5-тармақшасына сәйкес темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды түнгі клубтарда, дискотекаларда тұтынуғатыйым салынады;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 441-бабы 1-бөлігі заңнамада белгіленген орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынады. 13,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 4-тармағы, Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады;

- ӘҚБтК-нің 132-бабы, 442-бабы 1-бөлігі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (таңғы 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін кәсіпкерлер мен ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 2022 жылы 1,7 мың кәсіпкер және 3 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- ӘҚБтК-нің 127-бабы ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің тәрбие және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттерді, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады;

- «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы (бұдан әрі – «Бала құқықтары туралы» ҚРЗ) балаларға баланың рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіретін кинофильмдер мен мультфильмдер көрсетуді жүзеге асыруға тыйым салынады;

- «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдерге және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін фильмдерге жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады;

- ӘҚБтК-нің 156-бабы кинотеатр немесе прокат ұйымының басшысы кино және бейне туындыларын көпшілік алдында көрсету ережелерін бұзғаны үшін, көрсетілімнің белгіленген уақыты мен көрермендер санатын сақтамағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған көрермендерге жасына байланысты киносеанстарға билеттерді сатқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, қолданыстағы заңнамада аталған мәселені реттейтін барлық қажетті нормалар бар.

Алайда, бұл нормаларды ойын-сауық мекемелері сақтамайды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама:

- кәмелетке толмаған баланың ойын-сауық орнында заңды өкілінің («Бала құқықтары туралы» ҚРЗ) қатысуымен болу мүмкіндігін болжайды;

- баланың қамқорлығына, біліміне, тәрбиесіне, құқықтары мен мүдделерін қорғауға ата-аналарына (заңды өкілдеріне) жауапкершілікті бекітеді («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы).