Улы газдан қорғауға арналған датчиктер сатып алынды

Улы газдан қорғауға арналған датчиктер сатып алынды

       Ұлан  ауданы, Привольное ауылында орналасқан  «Багратион-2» шаруа қожалығының басшысы  Воропай Василий Григорьевич  Привольное ауылында тұратын әлеуметтік осал тұратын, жалғыз тұратын қарт адамдардың жылыту маусымы кезінде иіссіз улы газдан қорғауға арналған датчиктерді алу үшін қаражат бөлді. Бөлінген қаражатқа 20 датчик алынып, Привольное ауылындағы жоғарыда көрсетілген топтағы адамдардың үйлеріне Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен орнатылды. Датчиктер орнатылған тұрғын үйлердің иелеріне датчиктерді және  жылыту құралдарын  жарамды күйде ұстау бойынша ақпарат жеткізілді.