Абайлаңыз қыс! Қар жауу! Қатты боран! Жолдағы боран!

Абайлаңыз қыс! Қар жауу! Қатты боран! Жолдағы боран!

Көлікте болсаңыз:

-ауа-райы туралы ақпаратты тыңдап отырыңыз.

-жолға түнгі уақытта және боранды күні шықпаңыз.

-жолдан шығып кетпеуге тырысыңыз.

-артық киімді ала жүріңіз.

-көлікте азық-түлікті артығымен алып, ыстық шаймен термос болатын болсын.

-қатты боранда тоқтағанда көлік капотын желге қарсы қойып, түтін шығатын тетікті қардан тазалап отырыңыз, көлікті мезгілдеп жылытып отырыңыз, жанармайды үнемдеңіз.

-үрейге баспаңыз, көліктен шығатын болсаңыз беліңізге арқан (белбеу, шарф т.б) байлап шығыңыз.

ЖАЯУ:

-шарбақтардың, тартылған арқанның, жолдың бойымен жүріңіз.

-жүрген кезде асықпаңыз, топтағы әлсіз адамның жүрген жылдамдығына бой түзеңіз.

-бір топ адамға бірінен соң бірі жүрген дұрыс, жүкті өзара бөліп, жүрген кезде сөйлеспеу керек.

-тұрған бойда ғана демалыңыз, отырмаңыз, қарға жатпаңыз.

-егер де жүру мүмкін болмаса және боранның тыйылуын күту қажет болса, қардан баспана жасаңыз.Баспананың іші неғұрлым кішірек болса, соғұрлым жылы болады. Асықпаған жөн.

МАҢЫЗДЫ!!!

ШҚО трассаларындағы жол медициналық-құтқару пункттері

«Жарма»                  8-2347-40-814

«Алматы-Өскемен» тас жолының 889 шақырымы

«Привольное»        8-72-334-20-711

«Өскемен –Семей» тас жолының 889 шақырымы

«Семеновка» 634 шақырымы

«Омбы-Майқапшағай»        8-72236-22-929

«Семей» 825 шақырым

«Омбы-Майқапшағай»        8-72347-67-803

 

 

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.