Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы туралы

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс  ХХХІ сессиясы туралы

2022 жылғы 22 қараша  күні  сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақ қаралды:

  1. Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 96 «2022-2024 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Ақпанова баяндады.
  2. «Ұлан ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы», аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы С. Оразханов баяндады.

       Сұрақтар  шешімінің жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

         Кезектен тыс сессияға 8 депутат оффлайн режимінде, 2 депутат онлайн режиминде  қатысты, ол  100  пайызды  құрады.

         Сессияға аудан әкімі Р. Т. Құрмамбаев, аудан әкімінің орынбасары Л. К. Кенжетаева,  аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Акпанова, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы С. Оразханов қатысты.