Шөп

Шөп

Шөп, сабан және басқа да жанғыш материалдарды тұрғын үйлерден, ферма ғимараттарынан және жолдардан алыс жерлерде сақтау керек. Оларды жинау орындарында темекі шегуге тиым салынады. Қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына шөп жинауға рұқсат етілмейді.

Жыртылған жолақтың шетінен бастап үйілген шөптер маясы орналасқан алаңға дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған шөп үймесіне дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.

Механизаторлар қажетті нұсқаулықтан өтуге және өз комбайндарының техникалық жағдайын қадағалауға міндетті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары жемшөп пен дәнді дақылдарды сақтау орындарын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуі қажет.

Ірі жемшөптерді тасымалдау ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталған арнайы көлікте жүзеге асырылады.

 

Ұлан ауданының ТЖБ-і