Күз-әуесқой балықшылар үшін өте тамаша мезгіл. Дәл осы мерзімде облыс көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушыларда, аңшылық та неғүрлым көбейе түседі.Балық аулау демалыстың керемет түрі болып табылады, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті болу мүмкін. Өкінішке қарай, кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережелрін мүлдем ұмытып жатады.Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Сонғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен 3 адама(2-адам Ұлан ауданы, 1- адам Күршім ауданы) су айдындарындақаза тапты (2021 жылы -2 адам, 2022 жылы- 1 адам).Сондықтан балық аулаумен аңшылыққа бармастан бұрын негізгі ережелерді меңгерген жөн.
Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет.
Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару желеті, белбеуше, кеудеше) киіп алулары тиіс.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 583 - бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелер мен қайықтармен балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:
1.Ең біріншіден ауа райыны жағдайын алдын ала қарап қадағалаған жөн.
2.Әрқашан балық аң аулауға баратын жерлерінізді және қайтатын уақытынызды жақын туыстарынызға айтып кету.
3.Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орыны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс.
4.балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;
Таныс емес өзендерде көлдерде моторлы қайықпен жүзу кезінде әрқашан алдынға жағын қарап отырған жөн. Себебі таныс немесе таныс емес жерлерде су айдындарында сынған ағаштар қалдығы және тас болу мүмкін. Қажет болған жағдайда бағдар беріп отыратын адам отырығызу керек немесе сол жергілікті мекенін тұрғындарын бірге алып жүру.
5.Балық аулау кезінде таныс емес өзендерде көлдерде қармақ үзіліп кеткен жағдайдаоны су түбінен сүнгіп алып шығу қауіпті.
6.Мас күйінде балық немесе аң аулауға қатаң тиым салынады.
7.Қайықтың жарамдығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау.
8.Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
9.Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.
Қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «101» немесе «112» немесе нөміріне хабарласыңыз.
Ұлан ауданы ТЖБ